Экс-министр Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігінің заң жобасын қатаң сынға алды

0
778

Экс-министр заң жобасын әріптестерімен талқылап, жиналған ұсыныстарды Асхат Аймағамбетовке жіберген.


Экс-министр Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігінің заң жобасын қатаң сынға алды

ERNUR.KZ. Экс-министр Елжан Біртанов медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру туралы денсаулық сақтау министрлігінің заң жобасын сынға алды, деп жазады stan.kz.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын министр Ажар Ғиният таныстырған.

Біртановтың сөзінше, жобаны президент Қасым-Жомарт Тоқаев та сынаған. Себебі жоба алдыға қойған міндеттерге сай келмейді.

"Бұл әділ болды – әзірлеушілер заң жобасын медицина қауымдастығымен талқыламады, оны соңғы бенефициарларға – қарапайым дәрігерлерге, медбикелерге және басқа да көптеген сала қызметкерлеріне ұсынбады. Нәтижесінде заң жобасы шикі және дәрігерлердің шынайы қажеттіліктерінен алыс болып шықты", – деп жазды ол.

Экс-министр заң жобасын әріптестерімен талқылап, жиналған ұсыныстарды Асхат Аймағамбетовке жіберген.

"Оның басшылығымен заң жобасы кемелдікке жеткізіледі деп үміттенемін", - дейді Біртанов.