Экс-министрдің ұлы "Самұрық-Қазына" компанияларының біріне басшы болды

0
1 357

Игорь Ильин Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген.


Экс-министрдің ұлы

ERNUR.KZ. Бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің ұлы Игорь Ильин Karabatan Utility Solutions басшысы болды. Ақпаратты компания растады, деп жазады tengrinews.kz.

Karabatan Utility Solutions ЖШС 2014 жылы құрылған және Samruk-Kazyna Ondeu ЖШС (бұрынғы "Біріккен химиялық компания" ЖШС) еншілес кәсіпорны болып табылатын "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ компаниялар тобына кіреді.

Игорь Ильин Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген. 2013 жылы ол инженерлік қызметтер, дизайн және өнеркәсіпте инновациялық тәсілдерді енгізу саласындағы әлемдік көшбасшы Worley Parsons компаниясында тағылымдамадан өткен.

Юрий Ильин - бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап ведомство басшысы болды. Ол 2023 жылы 10 маусымда Абай облысында 14 орманшы қаза тапқан ірі орман өртінен кейін қызметінен босатылды.