Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

0
779

Жаңа қызметке тағайындалғандардың бәрі бұрынғы қызметінен босатылды.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті шешімімен жаңа тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті шешімімен:

Әділ Қапанұлы Тұрсынов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

Нұрлан Жамбылханұлы Қаймолдаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Кеңсесі Басшысының орынбасары;

Айдос Ыдырысұлы Үкібай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

"Жаңа қызметке тағайындалғандардың бәрі бұрынғы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.