Елбасы ұшақ апатында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

0
760

"Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын".


Елбасы ұшақ апатында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Алматы әуежайынан ұшып шыққан «Bek Air» әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым.

Қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген жеделхатта.