Елбасының баспасөз хатшысы жағымды жаңалық жариялады

0
466

Тамақ пен тұрмыстық заттарға мұқтаж адамдар "Елбасы жылуын" алады.


Елбасының баспасөз хатшысы жағымды жаңалық жариялады

Бүгіннен бастап Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Елбасы жылуы» қайырымдылық акциясы қолға алынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді.

Акция аясында Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен «Дегдар» қайырымдылық қоры мұқтаж қазақстандықтарға азық-түлік және қажетті тауарлар түрінде көмек көрсетеді.