Елдегі тәртіпсіздіктердің фото-видеосын жинайтын сайт іске қосылды

0
471

Сайтта екі функция ғана бар.


Елдегі тәртіпсіздіктердің фото-видеосын жинайтын сайт іске қосылды

фото ғаламтордан

Бас прокуратура Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп stopterrorism.kz веб-сайтын іске қосты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бұл сайтта азаматтар биылғы террорлық актілер мен жаппай тәртіпсіздіктер туралы бейне, фото және аудиожазбаларды жасырын түрде жүктей алады", – делінген Бас прокуратураның ресми мәлімдемесінде.

Сайтта екі функция ғана бар. Алдымен қаланы таңдау керек. Одан кейін фото-видео жүктеледі. Бірден бес файлға дейін жіберуге болады.

"Егер қолыңызда Алматы және басқа да қалалардағы оқиғалар орнында түсірілген (телефоныңызға, видеобақылау камерасына, авторегистраторға жазылған) фото, видео немесе аудио материалдар болса, бізге жіберуіңізді сұраймыз", – делінген хабарламада.

Ал файлдарды жүктеу мүмкін болмай жатса, 115 номеріне хабарласу керек.

Қазіргі уақытта прокурорлар дәлелдемелерді жинау мен тіркеуді, сондай-ақ қылмыскерлерді бейнежазбалар арқылы сәйкестендіруді бастап кетті.