Елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссия құрамына кімдер кіргені белгілі болды

0
474

Комиссия екі аптада бір рет өз жұмысы туралы баяндайтын болады.


Елден заңсыз шығарылған қаржыны қайтару жөніндегі комиссия құрамына кімдер кіргені белгілі болды

ERNUR.KZ. Қазақстан Президентінің экономикалық ресурстарды заңсыз шығаруға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы Жарлығының толық мәтіні жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Президент елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару, сондай-ақ, заңсыз жолмен алынған экономикалық ресурстардың монополиялық (олигополиялық) шоғырлануын анықтау, оларды мемлекетке қайтару мақсатында ведомствоаралық комиссия құруға қаулы етті.

Комиссия құрамы:

  • Бас прокурор, төраға;
  • Бас прокурордың орынбасары, төрағаның орынбасары;
  • Ұлттық банк төрағасы;
  • Премьер-Министрдің орынбасары - Сыртқы істер министрі;
  • Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі;
  • "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры " АҚ Басқарма төрағасы;
  • Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  • Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;
  • Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы;
  • Ішкі істер министрі;
  • Әділет министрі.

Ведомствоаралық комиссияға бір апта ішінде ведомствоаралық комиссия туралы ереженің жобасын Президенттің қарауына енгізу тапсырылды.

Бұдан бөлек, комиссия екі аптада бір рет өз жұмысы туралы баяндайтын болады.

Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген.

Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енді.