Елдің үздік семсершілері анықталды

0
1 027

Әйелдер арасында алматылық София Николайчук чемпион атанды.


Елдің үздік семсершілері анықталды

ERNUR.KZ. Өскемен қаласында өтіп жатқан семсерлесуден Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары анықталды, деп жазады sputnik.kz.

Әйелдер арасында алматылық София Николайчук чемпион атанды. Ал Владислава Андреева (ШҚО), Александра Тамбовцева (Шымкент) пен Наталья Зинякова (Алматы) жүлдегерлер қатарынан көрінді.
2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан шымкенттік семсерлесуші Эльмир Әлімжанов тағы ел чемпионы атағын жеңіп алды. Ал Руслан Құрбанов (ШҚО), Георгий Тинников (Алматы) мен Вадим Шарлаимов (ШҚО) жүлдегер атанды.