Елімізде 5 университетті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр

0
537

Қазақстанда 119 жоғары оқу орны бар.


Елімізде 5 университетті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда "диплом таратумен айналысатын" қанша университет жабылуы мүмкін? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Соңғы 2-3 жылдың аясында осындай диплом тарататын университеттермен жұмыс жасалынып жатыр. Осы мерзім ішінде 15 университет жабылды. Биылдың өзінде 28 мемлекеттік бақылау жүргізілді. Оның ішінде 14-і жоспарлы, ал қалғаны профилактикалық тексерулер", - деді вице-министр журналиске берген жауабында.

Қуаныш Ерғалиевтің айтуынша, бес университетті жабу бойынша сот процесі жүріп жатыр. Ведомство өкілі ол ЖОО-да оқитын студенттердің нақты саны туралы айтпады.

"Нақты студенттер санын қазір айта алмаймын. Әр университетте орташа 2-3 мыңнан деп есептейтін болсақ, онда студенттер саны 10 мыңдай болып қалуы мүмкін", - деді ведомство өкілі.