Елімізде әрбір бесінші еркек бала сүйе алмайды - уролог

0
714

Бұрын бұл дертке 50-ден асқан ер азаматтар шалдықса, қазір 20-25 жастағылар да дәрігер жағалап жүр.


Елімізде әрбір бесінші еркек бала сүйе алмайды - уролог

иллюстрациялық фото

Елімізде әрбір бесінші еркек бала сүйе алмайды. Бұл өте алаңдатарлық жағдай деп урологтар дабыл қағуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Белсіздік, бедеулік секілді жыныстық аурулар қоғамда көбіне жабық тақырып ретінде қаралады. Алайда жабық мәселе қашанда қауіпті дейді,-мамандар. Жыныстық аурулардың әсіресе, жастар арасында белең алуы дәрігерлерді алаңдатып отыр.

"Күнделікті бізге хабарласып, қатынасып, тексерілетін жастардың арасында өте осындай дерт жиі кездесіп отыр", - дейді уролог, Нұрлан Сейітов.

Аталық ұрығы әлсіз жігіттер көбейген. Еркектердің белсіздігі қазір әйелдердің бедеулігімен теңесті. Ал екеуінің де денсаулығында кінәрат болса, онда ол отбасының 40%-да бала болмайды. Оның өзінде емделуге тек әйел келеді, ал ер азаматтар тек­серілуге онша құлықты емес. Намыстанады.

Дәрігерлердің айтуынша, еркектердің ұрығының бір миллилитрінде 60 млн-дай ұрық болады. Сол ұрық 30 млн-ға азайды дейді. Бұлай жалғаса берсе, ерлі-зайыптыларға ЭКО да көмектесе алмауы мүмкін.

"Жиі ашуға берілу. Еркектік мүшелерге салқын тигізуден болады. Әр түрлі жұқпалы инфекциялардың кесірінен болады. Уақытында дәрігерге қаралмау, уақытында емін алмай қалған кездерде ауру асқынып, сол аурулардың кесірінен осындай бедеулік дертіне шалдығады", - дейді Нұрлан Сейітов.

Дәрігерлер ата-аналар мен балалар бұл тақырыпта жиі сөйлесуі қажет дейді. Қоғам белсендісі Оразкүл Азанғазықызы проблеманы қоғам боп шешуге шақырады.

"Ауылдық жерде де, қалалық жерде де ат спорты мектебін көбейту керек. Кез-келген ауылда ат спорты мектебін ашып, оның бағасын өте аз қылып,мемлекет бар, мемлекет пен жекеменшік бірігіп па,біздің жігіттеріміз аттың құлағында ойнау керек. Атқа мінген еркектің рухы биік болады. Рухы биік еркектің шаңырағы құламайды. Рухы биік еркектің әйелі оны тастап кетпейді", - дейді қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызы.

Ерлер арасындағы белсіздігі қазір бүкіл әлемде үлкен дертке айналған. Мәселен Гер­манияда белсіздігінің деңгейі – 3-5 пайыз, Данияда – 18 пайыз. Ал ТМД елдерінде 15-17 пайыз шамасында. Көршілес Ресейде – 17 пайыз.

Адамның балалы болу мүм­кіндігі шектеулі. 20 жастағы әйелдің де, еркектің де бала көтеру мүмкіндігі – 15-20 пайыз, 30 жас­­та – 10 пайыз, 40 жаста – 5 пайыз. Жас ұлғайған са­йын ұрықтың сапасы төмендейді. Саны да азаяды. Сондықтан балалы бо­луды неғұрлым ерте жоспарлаған дұрыс дейді мамандар. Табиғаттың бала сүю мүм­кіндігін уақы­тында пайдалану керек.