Елімізде әскерге барған 604 адам ҰБТ тапсырмай оқуға түсті

0
714

Қорғаныс министрлігі өткен жылдан бастап жастардың әскери қызметке ынтасын арттыру үшін арнайы жобаны іске асырған болатын.


Елімізде әскерге барған 604 адам ҰБТ тапсырмай оқуға түсті

ERNUR.KZ. 600-ден аса адам Ұлттық бірыңғай тест тапсырмай жоғары оқу орнына түсті. Мұндай мүмкіндік әскерге барып, Отан алдындағы борышын өтеген сарбаздарға ғана беріліп отыр, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Тегін грантқа ие болғандардың басым бөлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне түссе, ал емтихансыз ақылы бөлімге барғандардың басым бөлігі Көкшетау университетін таңдаған.

Еске сала кетейік, Қорғаныс министрлігі өткен жылдан бастап жастардың әскери қызметке ынтасын арттыру үшін арнайы жобаны іске асырған. Осының аясында, әскерде қызмет еткендер білім алу жеңілдіктеріне ие болуда. Тіпті ақылы негізде оқуға түскендерге грант беру, жатақхана және шәкіртақымен қамтамасыз ету мүмкіндіктері де қарастырылуда. Ал, әскери қызметшілерді тегін оқытуға іріктеу Қорғаныс министрлігінің порталында орналасқан «Срочники» ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.