​Елімізде Астана есімді 25 тұрғын бар

0
1 159

«Елорда» есімі болса, әлі ешкімге берілмепті және Статистика базасында тіркелмеген болып шықты.


​Елімізде Астана есімді 25 тұрғын бар

ERNUR.KZ. Елімізде Астана аты берілген 25 тұрғын бар, деп жазады Tengrinews.kz.

Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті өкілдерінің жолданған сауалға берген жауабында мәлімделген.

Елордадағы көрікті жерлердің бірі "Бәйтерек" монументінің атауы 43 адамға берілген. Ал Бәйтерек есімді елімізде 30 адам бар. «Елорда» есімі болса, әлі ешкімге берілмепті және Статистика базасында тіркелмеген болып шықты.

Айта кетейік, Францияда да Астана есімді қыз бар.

Сондай-ақ, бірер күн бұрын Қызылордада туған балаға «Нұрпрезидент» есімі берілген болатын.