Елімізде доллар бағамы күрт төмендеді

0
1 016

16 наурыздағы доллардың ресми бағамы 512,19 теңге болды.


Елімізде доллар бағамы күрт төмендеді

ERNUR.KZ. Доллардың теңгеге шаққанда бағамы төмендеді, деп жазады Tengrinews.kz.

Таңғы сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 3,44 теңгеге төмендеп, 508,73 теңге болды. Айта кетейік, 16 наурыздағы доллардың ресми бағамы 512,19 теңге болды.

Kurs.kz деректері бойынша, қазіргі таңда Алматының айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы - 514,99 теңге, сатылымда - 520 теңге. Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде орташа есеппен 515 теңгеден сатып алып, 520 теңгеден сатып жатыр.