Елімізде ерлер әйелдерге қарағанда 4 есе жиі көз жұмады

0
432

Қазақстанда ерлердің өлімі көбіне неден болады? Экономикалық зерттеулер институты бірнеше себебін атады.


Елімізде ерлер әйелдерге қарағанда 4 есе жиі көз жұмады

ERNUR.KZ. Экономикалық зерттеулер институты мәліметінше, санақ нәтижелері елдегі ерлер саны 38 жасқа дейін басым болатынын көрсетті, осы жастан бастап ерлер саны тұрақты түрде азая бастайды. Мұның себебі – ерлер өлімінің салыстырмалы түрде жоғары болуы, деп жазады kaz.zakon.kz.

Қазақстанда ерлер мен әйелдердің өмір сүру ұзақтығы арасындағы алшақтық (КӨҰ) 2012 жылы 9,6 жастан 2022 жылы 8,1 жасқа дейін қысқарды.


"Өлім себептерінің негізгі кластарының арасында елдегі ерлердің шамадан тыс өлім-жітімі "жазатайым оқиғалардан, уланулардан және жарақаттардан" байқалады. 2022 жылғы статистикалық деректерге сәйкес, осы себептен ерлердің өлім-жітім коэффициенті (100 000 адамға 92,7) әйелдер өлімінен (100 000 адамға 22,8) төрт есе жоғары. Бұл ретте, осы себептен ерлердің өлім-жітім деңгейі солтүстік өңірлердегі жалпы республикалық мәннен асып түседі", - делінген хабарламада.

Экономикалық тұрғыдан алғанда, ерлердің, әсіресе еңбекке қабілетті жастағы шамадан тыс өлім-жітімі, ең алдымен, үй шаруашылықтарының әл-ауқатына және еңбек нарығының жағдайына теріс әсер етеді.