Елімізде ипотека алатындардың бестен бірі — 30-ға дейінгі жастар

0
415

Ипотеканың негізгі көрсеткіш сомасы — 13 млн теңге.


Елімізде ипотека алатындардың бестен бірі — 30-ға дейінгі жастар

ERNUR.KZ. Қазақстанда ипотека көлемі жылдан жылға 17,3%-ға (1,8 трлн теңгеге) төмендеп келеді. Ал ипотека беру көрсеткіші 116,6 мыңға (19,2%) дейін азайып отыр, деп жазады inform.kz.

Бір жыл ішінде ипотека алғандардың шамамен бестен бір бөлігі — жастар. Қарыз алушылардың ішінде 30 жасқа дейінгі жастардың үлесі бір жылда 20%-ға жетті.

Ипотеканың негізгі көрсеткіш сомасы — 13 млн теңге, орташа сомасы — 15 млн теңгеге жуықтаса, ең жоғары сомасы — 2,1 млрд теңге.

«Банк секторы бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі базалық мөлшерлемеден төмен. Нарық оның төмендеуіне іс жүзінде жауап бермеді. Мысалы, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі былтыр қаңтарда 16,75% болды, көрсеткіш базалық және жыл соңындағы (желтоқсан15,75%) мөлшерлемемен шамалас» делінген ақпаратта.

Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша ипотекалық кредиттер портфелі 5,8 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3% жоғары.

Кредит сомасының 61% — жаңа несиелер (2022-2023 жж алынған), NPL 90 + үлесі салыстырмалы түрде төмен, 3,4% немесе 201 млрд теңге.