Елімізде қоқысты қайта өңдейтін екі кешен іске қосылады

0
471

Қоқыс өңдейтін кәсіпорындар Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосылады.


Елімізде қоқысты қайта өңдейтін екі кешен іске қосылады

ERNUR.KZ. Жыл соңына дейін елімізде қоқысты қайта өңдейтін екі кешен іске қосылады, деп жазады ulysmedia.kz.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, қоқыс өңдейтін кәсіпорындар Маңғыстау мен Солтүстік Қазақстан облыстарында іске қосылады.

Солтүстік Қазақстандағы қоқыс өңдейтін кешен туралы 2016 жылдан бері айтылып келе жатыр. Нысан 2017 жылы іске қосылуы керек болатын, алайда белгісіз себептермен әлі де іске қосылмады. Елімізде жылына 5 млн тонна тұрмыстық қалдық жиналады.