Елімізде қоқысты қайта өңдеу жобаларын іске асыруға 200 млрд теңге бөлінеді

0
354

​Қазақстанда қоқыс өңдегісі келетіндерге қомақты қаржы бөлінбек.


Елімізде қоқысты қайта өңдеу жобаларын іске асыруға 200 млрд теңге бөлінеді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Министрдің дерегінше, коммуналдық қалдықтардың морфологиялық құрамы шамамен 70 пайыз пайдалы фракциялардан тұрады. Атап айтқанда 16 пайыз пластик, 11 пайыз макулатура, 9 пайыз шыны, 37 пайыз органикалық қалдықтар, 27 пайыз тағы басқалары.

Тұрмыстағы қатты қалдықтарды қайта өңдеп, дайын өнім алуды дамыту сапалы қайталама шикізат талап етеді. Ол үшін қайта өңдеуге дейінгі барлық технологиялық операцияны, яғни жинау, тасымалдау және сұрыптауды ретке келтіру қажет, - деді Нысанбаев.

Сонымен қатар министр қоқыс өңдегісі келетіндерге қомақты қаржы қарастырылып отырғынын айтады.

Бұл – қоқыс таситын көліктерді сатып алуға, сұрыптау желілерін және қайта өңдеу қуатын салуға бағытталған. Қаржыландыру Өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы 3 жылдан 15 жылға дейінгі қарыз беру мерзімін және 3 пайыздық сыйақы мөлшерлемесін қарастырады. Бөлінетін қаражаттың жалпы мөлшері 3 жылға шамамен 200 млрд теңге, - деді министр.

Ведомство басшысы министрліктің жанынан құрылған жобалық топ әкімдіктермен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізген.

Жобаларды қарау кезінде өңірлердегі коммуналдық қалдықтардың ағымдағы жағдайын талдауға және проблемаларды жүйелі түрде шешу тұрғысынан жобалардың тиімділігіне баса назар аударылды. Нәтижесінде 232,2 млрд теңге сомаға 94 жоба іріктелді. Жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде брусчатка, люктер, қоқыс бактары, шыны таралары, стрейч пленкалар, көлік бамперлері сияқты халықтың басқа да тұтыну тауарлары шығарылады, - деді Экология министрі.