Елімізде «қызыл» аймақта екі облыс қана қалды

0
463

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес елдің басым өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан.


Елімізде «қызыл» аймақта екі облыс қана қалды

Қазақстанда 17 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметі бойынша, елдің екі облысы ғана "қызыл" аймақта тұр.

"Қызыл" аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау, Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары.

"Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.