Елімізде мұғалім мен шаруаға сұраныс артады

0
276

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы осындай болжаммен бөлісті.


Елімізде мұғалім мен шаруаға сұраныс артады

ERNUR.KZ. 2025 жылға дейін Қазақстанның еңбек нарығына қосымша 1 млн жуық жалдамалы жұмыскер қажет болады, деп жазады 24.kz.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы осындай болжаммен бөлісті. Зерттеу оң және теріс сценарий негізінде жасалған. Оң болжамға сай 5 жылда жалдамалы жұмысшыларға сұраныс 1,2 млн адамды құрайды. Ал теріс сценарий бойынша 792 мың адам қажет болады. Негізінен білім беру, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібінде жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс қалыптасады.

Болжам бойынша жаңа мамандар зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкерлерді алмастыру үшін керек болады. Ал жұмыссыздық деңгейі биыл және келер жылы 5%-ке жетуі мүмкін. Жалпы қазір елімізде 7 миллионға жуық жалдамалы жұмысшы бар. Ал 2 екі миллион қазақстандық өзін өзі жұмыспен қамтып отыр. Егістіктерден мол өнім түседі деген болжамдарға қарамастан азық-түліктің әлемдік бағасы өсе береді. Экономикалық сарапшылар осындай пікірде.

АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа есебін жариялағаннан кейін тауарлардың белгілі бір топтарына бағаның өсуі баяулады. Ал кейбір тауарлардың құны төмендеді.

Мысалы, «жүгері өткен аптада бес жылдық орташа бағасынан екі есе қымбатқа сатылды» деп атап өтті сарапшы. Бидай мен соя бағасы құбылған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, бағаның одан әрі өсуіне бірнеше себеп бар. Соның бірі АҚШ Министрлігінің тым оптимистік тұрғыдан болжам жасауы. Әдетте олар мамыр айында егіс өнімділігін өте жоғары бағалайды. Сосын жыл соңына дейін ол көрсеткіш алқаптардағы жағдайға қарай тұрақталады.

Жалпы биыл Бразилияда құрғақшылық, ал АҚШ пен Еуропада ылғалды және суық ауа райы байқалады. Бұл шаруалардың жұмысына кедергі келтіруде. Отандық қаржы нарығындағы сауда-саттық нәтижесі бойынша доллар 428 теңге 71 тиын, еуро 519 теңге 12 тиын, рубль 5 теңге 79 тиын.