Елімізде өлім-жітім деңгейі төмендеді — Ажар Ғиният

0
584

Оның айтуынша, соңғы екі жылда халық арасындағы өлім-жітім деңгейі біршама төмендеген.


Елімізде өлім-жітім деңгейі төмендеді — Ажар Ғиният

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ

Оның айтуынша, соңғы екі жылда халық арасындағы өлім-жітім деңгейі біршама төмендеген.

Халықтың денсаулығының жақсарып келе жатқандығы — экономиканың тұрақталғанының белгісі. Екі жыл бойы пандемиямен күресіп, халықтың денсаулығы нашарлап, өлім-жітімнің көбейгенін білесіздер. Төрт айдың қорытындысын саралай отырып, екі жылдың ішінде бірінші рет былтырғыға қарағанда өлім-жітім деңгейі 5%-ға азайғанын айтып, қуанышыммен бөліскім келеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ министр республикадағы эпидемиологиялық жағдайға да тоқталып өтті.

Әр ай сайын халық денсаулығының көрсеткішін қарап, сараптап отырамыз. Бұл көрсеткіштер тек денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына емес, елдегі экономикалық-әлеуметтік жағдайға байланысты екені белгілі. Сондықтан эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Еліміз аяқтан тұрып, экономикалық тұрғыдан тұрақтануына азаматтарымыздың денсаулығының жақсарып келе жатқандығы мысал бола алады, - деді ведомство басшысы.