Елімізде өрт сөндіретін ұшақтар бар ма - Төтенше жағдайлар вице-министрі жауап берді

0
337

Журналистер ТЖМ вице-министріне Сенат аясында сұрақ қойды.


Елімізде өрт сөндіретін ұшақтар бар ма - Төтенше жағдайлар вице-министрі жауап берді

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Қазақстанда өртті сөндіруге арналған ұшақтар жоқ екенін түсіндірді, деп жазады stan.kz.

Журналистер ТЖМ вице-министріне Сенат аясында сұрақ қойды.

"Бізде су төгетін құрылғылармен тек 33 тікұшақ бар, бірақ олардың 16-сы ғана өртті сөндіре алады. Қалғандары іздеу жұмыстарына, барлауға арналған. Бірақ олардың барлығы жолда бола алмайды, өйткені кейбір жоспарлы, реттеуші жұмыстар жүріп жатыр. Ал жартысына жуығы әрдайым жөндеуде. Ұшақтар жоқ, біз оған ақша сұрадық, бірақ бұл қарастырылмаған. Сондықтан әлі ұшақ сатып алған жоқпыз", – деп түсіндірді Күлшімбаев.