Елімізде пневмониядан көз жұмғандардың саны артты

0
2 238


Елімізде пневмониядан көз жұмғандардың саны артты

3 ақпанда коронавирус белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған қоса 201 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48158, 579 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 36683 жетті.

2 ақпандағы мәлімет бойынша, коронавирус белгілері бар пневмониядан 2 адам көз жұмды.