Елімізде рұқсат етілмеген қанша полигон бар

0
253

Экологиялық заңнаманы бұзған полигондар бірқатар өңірде шоғырланған.


Елімізде рұқсат етілмеген қанша полигон бар

ERNUR.KZ. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Мәжілістің комитет отырысында коммуналдық қалдықтардың жағдайы жайлы айтып берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«2023 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 4,1 млн тонна коммуналдық қалдық түзілді, оның 24%-ы қайта өңделді. Жоспар бойынша 2023 жылы елдігі көрсеткіш 27% деңгейінде жоспарланған, көрсеткіштің төмендеуі Астана қаласы әкімдігі тарапынан жаңартылған ақпаратпен байланысты.
Астана қаласы әкімдігінің ресми ақпараты бойынша 2023 жылғы 1 тоқсанда пайда болған қалдықтардың көлемі 72,9 мың тоннаны құрады, оның 75,2%-ы қайта өңделді және кәдеге жаратылды. Алайда, 2023 жылдың мамыр айында Астана қаласының әкімдігі қалдықтарды қайта өңдеу жөніндегі деректерді түзету туралы ресми ұстанымды ұсынды және қалыптасқан қалдықтар көлемінің 17%-ы ғана қайта өңделгені туралы мәлімдеді», - деді министр.

Ол атағандай, әкімдіктердің ақпараты бойынша еліміздегі 207 қала мен ауданнан әртүрлі кезеңдерде қалдықтарды бөлек жинау 130 елді мекенде енгізілді.

«2023 жылы республика бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының саны 3016 бірлікті құрады, оның ішінде экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетіні – 624 (20,6%). Павлодар облысында экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келетін полигондардың ең аз үлесі - 5, Солтүстік Қазақстан облысында – 11 полигон және Абай облысында – 5. ЖАО деректері бойынша Астана (1 полигон), Шымкент (1 полигон) қалаларында, Түркістан (159 полигон) және Жамбыл (158 полигон) облыстарындағы барлық полигон экологиялық нормаларға сәйкес келеді», - дейді Нысанбаев.

Министрдің сөзінше, 2023 жылғы ғарыштық мониторинг қорытындысы бойынша (2024 жылғы 30 қаңтардағы жағдай бойынша) 5 534 рұқсат етілмеген қалдықтарды орналастыру орны анықталған. Оның 86 пайызы жойылған.

Ведомство басшысының айтуына қарағанда, құқық қорғау органдары, әкімдіктер және басқа да мүдделі тараптармен бірлескен жұмыс нәтижесінде соңғы төрт жылда рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері санының азаюы байқалады. Дәлірек айтқанда, 2020 жылы 8 884 анықталды, оның 5 823-і (66%), 2021 жылы – анықталаған 7 328-тің 6 740-і (92%), 2022 жылы анықталған 5 683-тің 4 331-і (77%) кәдеге жаратылды.

«Ел бойынша полиция және экология департаменттері қызметкерлерінен құралған мобильді топ 63 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін – 17 030, абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін – 26 726. Қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды бұзғаны үшін (қалдықтарды жинақтау, жинау, тасымалдау, есепке алу, қалпына келтіру, жою және залалсыздандыру бойынша) экология департаменттері 2022 жылы 194 лауазымды тұлғаны жалпы сомасы 17,8 млн теңге (әкімдер мен әкімдердің орынбасарлары), 2023 жылы 152 лауазымды тұлғаны жалпы сомасы 17,3 млн теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартты», - деп айтты Нысанбаев комитет отырысында.

Министр өңірлердегі жағдайды жақсарту бойынша коммуналдық қалдықтарды басқару, оның ішінде рұқсат етілмеген үйінділердінің пайда болуын болдырмауға қатысты жүйелі шаралар аясында мынадай жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.