Елімізде тағы бір жаңа мереке пайда болуы мүмкін

0
373

Құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.


Елімізде тағы бір жаңа мереке пайда болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда жаңа мерекені енгізу туралы қаулы жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" сайтында жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстанда мереке күндері тізімінде жаңа кәсіби мереке пайда болады: Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің күні - 16 сәуір.

Түсіндірме жазбада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) саласының қызметкерлері ел тұрғындарын тәулік бойы жылу, электр, сумен қамтамасыз ететіні, көшелердің тазалығын қадағалап, елдің тұрғын үй қорын басқарып, күтіп-ұстайтыны, сол арқылы тұрғындарға жағдай жасайтыны атап өтілген.

Сондай-ақ, ведомство бұған дейін Кеңес Одағы кезінде ТКШ қызметкерлері күні дәстүрлі түрде шілденің төртінші жексенбісінде атап өтілгені айтылған. Одақ ыдырағаннан кейін бұл мереке Ресейде, Беларусьте, Украинада және Өзбекстанда сақталған.

Құжат жобасы 2 тамызға дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.