Еліміздің 9 облысында дауылды ескерту жарияланды

0
2 586

Кей өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.


Еліміздің 9 облысында дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" орталығы мамандары еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


-"Қатты жауын-шашынға және қар жамылғысының тау беткейіндегі тұрақсыз күйіне байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 2-3 ақпан аралығында қар көшкіні жүруі мүмкін. Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар", - делінген хабарламада.

3 ақпанда Қарағанды облысының жел оңтүстік-батыстан, кей жерінде күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерінде көктайғақ күтіледі.
3 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 3-4 ақпанда кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 3 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. 4 ақпанда желдің күші кей жерде 15-20 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында 3 ақпанда көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. 3-4 ақпанда тұман күтіледі. 3 ақпанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 күтіледі.
3-5 ақпанда Түркістан облысының кей жерінде тұман сақталады.
3 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерде бұрқасың, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, кей жерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді, - делінген таратылған ақпаратта.
3 ақпанда Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Көкшетау қаласында 3 ақпанда тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.
3 ақпанда Қостанай облысының кей жерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20, екпіні 23, күндіз кей жерінде 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қаласында 3 ақпанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Жамбыл облысында кей жерде тұман күтіледі. Тараз қаласында 3-5 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.
3 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Орал қаласында 3 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
3 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе қаласында 3 ақпанда күндіз көктайғақ күтіледі.