Еліміздің бірнеше қаласында бондтық қоймалар салынады

0
440

Бұл тауар сатып алу және шетелдіктерге жеткізу процесін оңайлатады.


Еліміздің бірнеше қаласында бондтық қоймалар салынады

ERNUR.KZ. Сауда министрлігі «Қазпоштамен» бірлесіп, биылғы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бондтық қоймалардың құрылысын бастайды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов Сауда министрлігі мен «Қазпоштаға» биыл Астана, Алматы және Шымкент қалаларында бондтық қоймалар салуды тапсырды.

«Бізге өзіміздің бондтық қоймаларымыз қажет. Олар тауарларды еліміздегі сатып алушыларға, сол сияқты шетелдіктерге жеткізу процесін оңайлатуға мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар Көлік министрлігімен және Ұлттық пошта операторымен бірлесіп, наурыздың соңына дейін Ақтауда контейнерлік хабты және Құрық портында электрондық сауданың толыққанды логистика орталығын құруға кірісуі қажет. Бұл Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту аясында да маңызды болады», - дейді Үкімет басшысы.