Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

0
2 469

Кей өңірлерде көктайғақ, тұман түседі.


Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Қазгидромет" орталығы мамандары 17 ақпанда Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

17 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

17 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз оңтүстігінде жаяу бұрқасын болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман түседі.