Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

0
1 389

Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ауаның ластануы күтіледі


Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

ERNUR.KZ. Қазақстанның екі қаласында ауа сапасы төмендейді, деп жазады inform.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметіне сәйкес, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.