Еліміздің үш облысындағы республикалық жолдар жабылды

0
1 528

Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 бірлік арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылды.


Еліміздің үш облысындағы республикалық жолдар жабылды

ERNUR.KZ Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 3 учаскесінде автокөліктің барлық түрі үшін шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазаАвтоЖол" компаниясы.

Жамбыл облысында– 1 учаске
"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км Кенен а. - Қайнар а. – 79 км. (тұман, шектеулі көрініс, жел)
Қостанай облысында– 1 учаске
"Жезқазған-Петропавл" 252-335 км, Ұлытау обл.шек. - Аркалық қ. – 83 км. (Ұлытау облысындағы ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Ұлытау облысында– 1 учаске
"Жезқазған-Петропавл" 137-252 км, Ұлытау к. -Қостанай обл. шек. – 115 км. (бұрқасын, шектеулі көрініс)
Республикалық маңызы бар автожолдарды қысқы күтіп-ұстауға 375 бірлік арнайы техника және 536 жолшы жұмылдырылды.