Елорда әкімі Есіл және Қарасу өзендерін тазартуды ұсынды

0
1 065

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын қалалық экоакцияға қатысуға шақырды.


Елорда әкімі Есіл және Қарасу өзендерін тазартуды ұсынды

ERNUR.KZ. Елімізде #Birge #TazaQazaqstan экологиялық қозғалысы басталды. 27 шілдеде экологиялық эстафета елордада жалғасатын болады, деп жазады Елорда Инфо.

Алтай Көлгінов қала тұрғындарын қалалық экоакцияға қатысуға шақырды.

«20 шілдеде #Birge #TazaQazaqstan экологиялық қозғалысы басталды. Осы сенбі күні, 27 шілдеде біз экологиялық эстафетаны өткізетін боламыз. Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын айналып өтетін әуежайдан Қарағанды трассасына қарай тазартуды ұсынамыз. Барлық қала тазалығына бей-жай қарамайтын тұрғындарды қатысуға шақырамыз», - деп жазды Алтай Көлгінов twitter-дегі аккаунтында.