Елордада 18 жастағы қызға шабуыл жасаған 60 жастағы ер адам ұсталды

0
469

Ұсталған адам Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.


Елордада 18 жастағы қызға шабуыл жасаған 60 жастағы ер адам ұсталды

иллюстрациялық фото

ERNUR.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері кешкі уақытта 18 жастағы қызға шабуыл жасаған 60 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады, деп жазады baq.kz.

Жәбірленушінің айтуынша оқиға сағат 22.00-де болған. Белгісіз ер адам артынан жүгіріп келіп жерге құлатпақшы болған және қолынан ұялы телефонын тартып алғысы келген. Көмек сұрап айқайлаған дауыс өтіп жатқан адамдардың назарын аударған. Қылмыскер қорыққаннан оқиға орнынан қашып кеткен. Тонау жасауға оқталғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін полиция қызметкерлері оқиға орнына тез арада шығады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды, - делінген хабарламада.
Полицияға жеткізілген күдіктіні жәбірленуші таныды. Полиция тергеу әрекеттерін жүргізу барысында ұсталған адамның белгілері бұрын екі әйелге шабуыл жасап, оқиға орнынан қашып кеткен тонаушыға келетінін анықтады.
Жәбірленушілердің бірінің айтуынша, кешке жақын үйіне келе жатқанда белгісіз адам басынан бірнеше рет ұрып, қолынан ноутбугын, жеке заттары салынған сөмкесін, ұялы телефонын тартып алған. Содан соң қашып кеткен. Екінші жәбірленушінің айтуынша, үйіне қайтып келе жатқанда қарсы келе жатқан ер адам қасынан өтіп кетіп, кенеттен артқа қайтқан. Артынан келіп, ұялы телефонын тартып алған, - делінген ведомство мәліметінде.

Ұсталған адам Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты. Жасаған іс-әрекетін мойындады.

Әйелдердің бірінің ноутбугын және жеке заттарын жерге көміп тығып қойған.

Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.