Елордада дөнер киоскісін тонамақ болған ерлі-зайыптылар ұсталды

0
910

Дөнер киоскісіне терезе арқылы кірген.


Елордада дөнер киоскісін тонамақ болған ерлі-зайыптылар ұсталды

ERNUR.KZ. 26 жастағы жігіт пен қыз мас күйінде киоскіге кіріп кетіп, полицейлерге ұсталып қалған, деп жазады baq.kz.

«9-нан 10-шы қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан қаласы ПД жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы дөнер киоскісіне терезе арқылы кіріп кеткен ер адамды байқады. Оқиға орнына бірден полиция жасағы жіберілді. Аз уақыт ішінде полицейлер ұрлықшыны және оның сыбайласын ұстап алды», - делінген ведомство хабарламасында.

Ұсталған азаматтар «Сарыарқа» ауданы полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу барысында 26 жастағы жігіт пен қыз мас күйінде киоскіге кіріп кеткені анықталды.

Қазір жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.