Елордада ер адам 9 қабаттан құлап кетті

0
606

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның денесін тапты.


Елордада ер адам 9 қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Елордада ер адам тұрғын үйдің 9 қабатынан түспек болып, құлап кетті, деп жазады baq.kz.

26 қаңтар күні полицияға Құдайбердіұлы көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйден ер адамның құлағаны туралы хабар келді. Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері 59 жастағы ер адамның денесін тапты. Анықталғандай, ер адам 9 қабаттан жерге түспек болып, құлап кеткен, – делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Оқыс оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.