Елордада әйелдерді несие рәсімдеуге көндірген альфонс ұсталды

0
792

4 дерек бойынша күдікті ретінде ұсталған ер адам әйелдердің сеніміне кіріп, олардан қомақты ақша, машиналарын иеленген.


Елордада әйелдерді несие рәсімдеуге көндірген альфонс ұсталды

ERNUR.KZ. Астаналық полицейлер әйелдерді алдап ақшалары мен несие рәсімдеуге көндірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында елордада әйелдерді алдап, бірқатар алaяқтық әрекет жасаған 34 жастағы Т. деген азаматты Алматы қаласында қолға түсірді.

«Ол бір жәбірленушіні алдап, сеніміне кіру арқылы күдікті алты миллион теңге ақшасын жымқырған. Онымен қоймай, күдікті бірнеше әйелмен көңіл жарастырып, тіпті бірге де тұрған. Аталған алаяқтық фактілерімен қатар, күдікті былтыр автокөліктен ұрлық жасап, құны 360 мың тұратын алтын білезікті қолды қылған», - делінген департаменттің хабарламасында.

Қазіргі уақытта ер адам Алматы қаласының Тергеу изоляторына қамалды, тергеу іс-шаралары жүргізілгеннен соң елордаға этаппен жеткізіледі.

4 дерек бойынша күдікті ретінде ұсталған ер адам әйелдердің сеніміне кіріп, олардан қомақты ақша, машиналарын иеленген. Сонымен қатар әйелдерді «бизнесіне» көмек сұрап, аляқтық жолмен оларға несие алдырған. Тергеу жүргізілуде. Күдіктінің басқа да қылмысқа қатысы бар екендігі тексерілуде.