Елордада қатты желден мұнара краны құлады

0
542

​Оқиға Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында болған.


Елордада қатты желден мұнара краны құлады

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында қатты жел салдарынан мұнара краны құлады, деп жазады sputnik.kz.

Оқиға Сығанақ және Тұран көшелерінің қиылысында болған.
"Алдын ала мәлімет бойынша кран қатты желден құлап кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кран құлаған жерге өнеркәсіп қауіпсіздігі комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері шықты", - делінген хабарламада.
Комитет ақпаратына сәйкес, зардап шеккендер жоқ.
Құлаған кран құрлыста қолданылмаған, қаңтарылып тұрған.