Елордада Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты

0
703

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.


Елордада Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты

ERNUR.KZ. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ғимаратында өрт шықты, деп жазады Tengrinews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, өртсөндірушілер әлі оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Министрлік кеңселерінің бірінде өрт шыққан. Өрт оқшауланған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, кеңседе өрт шыққаны туралы қоңырау түсіп, бөлімшелер оқиға орнына аттанған.

"Ғимаратта 10 шаршы метр аумақты алған кеңсе жиһазы өртенген. Өрт сағат 13.42-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - деді Иманқұлов.