Елордада Тұңғыш Президент күніне арналған кино апталығы өтеді

0
757

Кино апталығының ашылу рәсіміне Нұрлан Әлімжанов қатысады.


Елордада Тұңғыш Президент күніне арналған кино апталығы өтеді

ERNUR.KZ. Елбасы кітапханасында 26 қарашада сағат 15.00-де Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндіктің аясында кино апталығының тұсаукесері өтеді, деп жазады Елорда Инфо.

Кино апталығының ашылу рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, белгілі актер, композитор Нұрлан Әлімжанов қатысады.

Игі дәстүрге айналған кино апталығында мектеп оқушыларына, колледж бен жоғары оқу орны студенттеріне, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттарына, Ұлттық гвардия қызметкерлеріне «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Балалық шағымның аспаны», «От өзен», «Тығырықтан жол тапқан» атты бөлімдері көрсетіледі.