Елордада ұйытқыған боран кезінде қанша адам зардап шеккені анықталды

0
2 435

Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 18 қарашада қалалық стационарларға бірнеше азамат медициналық көмек бойынша жүгінген.


Елордада ұйытқыған боран кезінде қанша адам зардап шеккені анықталды

ERNUR.KZ. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, науқастардың бір бөлігі медициналық қызметкерлер тексергеннен кейін асқынулардың болмауына байланысты амбулаториялық емделуге жіберілген, - деп жазады tengrinews.kz.

"Жедел медициналық жәрдем бригадасы төрт науқасты түрлі жарақаттары бойынша Көпбейінді қалалық ауруханалардың жарақат пунктіне жеткізді. Олар негізінен көгеру, жара секілді жарақаттармен түсті. Бір бала аяқтың жабық сынуымен жеткізілді. Пациенттердің бәрінің жағдайы қанағаттанарлық, реанимациялық жағдайға түскен науқастар жоқ", - делінген хабарламада.

Кейбір зардап шеккендер медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жедел жәрдем көлігімен жарақат пунктіне барудан бас тартты.

Ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, екпіні 15-20 м/с болатын оңтүстік-батыс желінің күшеюіне, кей тұстарда 23 м/с болуына байланысты қаланың коммуналдық қызметтері дүлей желдің салдарын жою үшін жұмыс істеп жатыр.