Елордадағы айналма жолдан бірнеше атыс қаруы табылды

0
375

​Екі қару да атуға жарамды.


Елордадағы айналма жолдан бірнеше атыс қаруы табылды

ERNUR.KZ. Құқық қорғау органдары елордадағы айналма жолдан атыс қаруларын тапты, деп жазады sputnik.kz.

11 тамыз күні сағат 17:10-да елордалық полиция қызметкерлері “Алматы – Екатеринбург” тас жолы бойынан 900 метр қашықтықта шөптердің арасына жасырылған қару тапты.
Тексеру кезінде қолдан атуға арнап жасалған, оқсыз атылатын Калашников автоматы және қолдан атуға арнап жасалған, 9 мм калибрлі 7 патроны бар “МР-371” сигналды тапаншасы табылды. Екі қару да атуға жарамды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.