Елордадағы «Ramada Plaza» қонақ үйі Қаржы министрлігіне берілетін болды

0
768

Бұған дейін «Ramada Plaza» қонақ үй кешеніне қалалық полиция департаментінің қызметкерлері баратыны хабарланған болатын.


Елордадағы «Ramada Plaza» қонақ үйі Қаржы министрлігіне берілетін болды

ERNUR.KZ. Бұдан бұрын елорданың полицейлеріне тапсырылған «Ramada Plaza» қонақ үй кешені Қаржы министрлігінің балансына берілді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 12 қарашадағы қаулысына сәйкес, бұрынғы «Ramada Plaza» қонақ үй кешенінің ғимараты республикалық меншікке – Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің балансына беріледі. Қазіргі уақытта құрылыс және тұрғын үй саясаты басқармасы мен ҚР ҚМ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің арасында қабылдау-тапсырау актілеріне қол қойылып жатыр», - деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек бұған дейін «Ramada Plaza» қонақ үй кешеніне қалалық полиция департаментінің қызметкерлері баратыны хабарланған болатын.

«Ramada Plaza қонақ үйін елордалық полицейлерге сұрап отырмыз», - деген еді былтыр Ішкі істер министрі қызметін атқарған Қалмұханбет Қасымов.

Тіпті ол Ramada Plaza қонақ үйіне бірінші болып астанадағы Байқоңыр ауданының полицейлері көшіп баратынын мәлім еткен еді.