Елордалық аяз ата балаларды құттықтау үшін аспаннан арқанмен түсті (видео)

0
827

​Елордада балаларды жаңа жыл мерекесімен құттықтау үшін көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен арқанмен түскен аяз ата әрекеті желі қолданушыларының назарына ілікті.


Елордалық аяз ата балаларды құттықтау үшін аспаннан арқанмен түсті (видео)

ERNUR.KZ. Қауіпті трюк арқылы ол тура терезеден сыйлықтар таратуда, деп хабарлайды Экспресс К.

Қызықтың құттықтаудың бейнежазбасы ТикТок-тағы Spiderman_kaz парақшасында жарияланды. Видеода аяз ата киімін киген ер адам көпқабатты тұрғын үйдің төбесінен арқанмен төмен түседі. Әр пәтердің терезесін қағып, үйдегі балаларды мерекемен құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтарын берді. Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне алаңдаушылық танытып, пікір қалдырған.


"Байқа, абайлап түс". "Керемет идея екен". "Балаларды дәл осылай қуанту жақсы ғой, бірақ өміріңізге өте қауіпті емес пе", - деп жазуда желі қолданушылары.