Соңғы үш жылда ТЖД қызметкерлеріне 90 пәтер берілді.
ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордалық құтқарушыларға он бес қызметтік пәтердің кілтін табыс етті, деп жазады sputnik.kz.
Сегіз бір бөлмелі және жеті екі бөлмелі пәтер Қабанбай батыр даңғылы бойындағы "TENGRI" және Е-36 көшесіндегі "Respublika" тұрғын үй кешендерінде орналасқан.
"Өз тарапымыздан біз еңбек етуге қолайлы жағдай жасау және жақсарту бойынша барлық қажетті керек шараларды қабылдауды жалғастырамыз. Мысалы, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біз тұрғын үй бағдарламасына қатысушылардың санатын кеңейттік, жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, онда ТЖД қызметкерлерінің санатын бөлек бөлдік", - деді Қасымбек.
Сондай-ақ, департамент қызметкерлері үшін тұрғын үй сертификатының мөлшері 1 млн теңгеден 1,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылды. Соңғы үш жылда ТЖД қызметкерлеріне 90 пәтер берілді.