Елордалық оқушы баспалдақтан құлап кетіп, комаға түсті

0
469

Жазатайым оқиға Астанадағы №14 мектеп-гимназиясында болған.


Елордалық оқушы баспалдақтан құлап кетіп, комаға түсті

ERNUR.KZ. Оқушы баспалдақтар арасында құлап кетіп, комаға түсті, деп жазады inbusiness.kz.


"НеМолчиKZ" қоры хабарлағандай, оқыс жағдай үзіліс арасында болған. Ұл бала жансақтау бөліміне жеткізіліп, үш күн бойы комада болған. Оған бассүйек-ми жарақаты, торлы сүйектің сынуы, пневмоцефалия, көз айналасындағы ісіну диагнозы қойылды.

"№14 мектепте дұрыс қоршаулар жоқ, бала баспалдақ арасында ұшып түскен. Жедел жәрдем ұзақ жеткен. Қабаттар арасында орнатылған камералар жұмыс істемеді. Қазір балаға шұғыл түрде ота жасау қажет. Ол Түркияда ғана жасалады. Бала бас жарақатына байланысты көру қабілетін жоғалтып жатыр", - делінген қор таратқан хабарламада.

Қоғам белсенділерінің сөзінше, мектеп директоры мен сынып жетекшісін қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет.

"НеМолчиKZ" қоры шұғыл түрде мектеп директоры мен білім департаментінен отаны, материалдық және моральдық өтемақы төлеуді талап етеді", - делінген хабарламада.