Елордалық пара биші Италиядағы Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

0
664

Жарысқа әлемнің 12 елінен үш жүзден астам пара биші қатысты.


Елордалық пара биші Италиядағы Әлем кубогында күміс медаль жеңіп алды

ERNUR.KZ. Италияның Генуя қаласында пара биден Әлем кубогы өтті. Жарыста Қазақстан намысын 4 спортшы қорғады, оның ішінде астаналық спортшы Малика Мұқтарова да бар, деп жазады Azattyq Rýhy.

Әлем кубогы 2022 жылы Кореяда өтетін Әлем чемпионатына тікелей іріктеу болып табылады. Жарысқа әлемнің 12 елінен үш жүзден астам пара биші қатысты.

Елордалық спорт мектебінің спортшысы Малика Мұқтарова Әлем кубогында күміс медальға ие болып, Әлем чемпионатына лицензия жеңіп алды.

«Қандай сезімде екенімді сөзбен жеткізе алмаймын. Шынымды айтсам, мен өзімнің көрсеткен өнеріме 100 пайыз қанағаттанбаймын. Бұл карантиннен кейінгі алғашқы халықаралық жарыс, сондықтан әлі бәрі алда! Кейде жарыстарда күтпеген жағдайлар болады, мысалы: өнер көрсетер алдында көйлектің белбеуі үзіліп қалды, аяқ астынан, сахнаға шығар алдында тіктік. Арба сынып қала жаздады. Бірақ, біздің құрамаға ештеңе кедергі бола алмайды!
Мен ырымдарға сенбеймін, менің өмірлік ұраным: «егер мен болмасам, басқа кім?», бұл «алға қойған мақсатқа жету менен басқа кімге қажет?» деген тәрізді. Пара би мен үшін шынығу, бірінші кезекте команданың төзімділігі және бірлігі сыналады. Мұның барлығы тек алға ұмтылуға үлкен жігер береді», – деді Малика Мұқтарова.

Айта кетейік, бас төрешілердің бірі ретінде ҚР еңбек сіңірген би жаттықтырушысы, елордалық мектептің пара би жаттықтырушысы Әлия Майданқызы шақырылды. Іріктеу Ұлттық паралимпиада комитетінің шешімімен және жеке комиссияның шешімімен өтті.

Әлем Кубогының күміс жүлдегері Нұр-сұлтанға бүгін елорда уақытымен 23:15-те ұшып келеді.