Еңбек еркіндігі рейтингінде Қазақстан 5-орында тұр

0
390

Аталмыш рейтингте алғашқы орындарға Сингапур, Бруней-Даруссалам пен АҚШ жайғасқан.


Еңбек еркіндігі рейтингінде Қазақстан 5-орында тұр

ERNUR.KZ. Еңбек еркіндігі рейтингінде Қазақстан 182 мемлекеттің ішінде 5-орында тұр, деп жазады inbusiness.kz.

Аталмыш рейтингте алғашқы орындарға Сингапур, Бруней-Даруссалам пен АҚШ жайғасқан. Соңғы орында – Солтүстік Корея. «ТМД елдерінің ішінде Қырғыз Республикасы13, Беларусь 23, Армения 25-м, Әзербайжан 59, Өзбекстан 83, Ресей 114, Украина 146, Тәжікстан 153, Молдова 17, Түрікменстан 181 орыннан көрінген. 2

021 жылдың екінші жартысында елде жұмыспен қамтылған азаматтардың саны 8,8 млн адамды құрады. Бұл – бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 1,2% көп», - делінген зерттеуде. Аймақтарды бөліп қарағанда жұмыспен қамтылғандардың басым көпшілігі Алматыда: 981,4 мың адам (бір жылда + 2,3%).

Үздік өңірлердің үштігіне сонымен қатар Алматы облысы (973,8 мың адам, бір жылда -0,1%) мен Түркістан (777 мың адам, -0,6%) облысы енген. Жұмыспен аз қамтылғандардың ең азы Солтүстік Қазақстан облысында (288,5 мың адам, бір жылда -0,7%) тіркелген.

«Биыл қалаларда жұмыспен қамтылғандардың саны 2,4%, 5,3 млн адамға дейін өссе, ауылдарда керісінше, -0,6% азайып, 3,5 млн адамды құрады», - делінген зерттеуде.