Еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айрылғандарға берілетін төлемдер 7%-ке артады

0
399

Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.


Еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айрылғандарға берілетін төлемдер 7%-ке артады

ERNUR.KZ. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері артады. Тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп жазады sputnik.kz.

Құжат бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап еңбекке қабілеттілігінен айырылу және әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша тағайындалған әлеуметтік төлемдердің 7%-ке артады.
Шарамен еңбекке қабілеттілігінен айырылған 87 мыңға жуық адам және асыраушысынан айырылған 59 мың отбасы қамтылады.
Бұл мақсаттарға қосымша 5 млрд теңгеден астам қаражат жұмсалады.