Енді eGov арқылы үйге дәрігер шақыруға болады

0
846

Сонымен қатар азаматтар электрондық медициналық құжаттарға қол жеткізе алады.


Енді eGov арқылы үйге дәрігер шақыруға болады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Egov.kz «электронды үкімет» порталында пациенттер үшін вакцинациялауға жазылу, вакцинациялау бойынша мәліметтерді түзету, дәрігердің қабылдауына жазылу, дәрігерді үйге шақыру қолжетімді. Сондай-ақ медициналық ұйымға тіркелуге болады, - деді ол ОКҚ-де өтіп жатқан баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар азаматтар электрондық медициналық құжаттарға қол жеткізе алады.

Мәселен, емдеуге жатқызуға жолдама, стационардан шығару, аурухана парақтары және басқалар. Көрсетілген электрондық медициналық құжаттарға қол жеткізу азаматтардың медициналық ұйымдарға бару санын азайтуға мүмкіндік береді, - деді Есенбаев.