ТҮРКІСТАН: Арыстағы ауылдарда асфальт төселіп жатыр

0
290

9 көшеге асфальт төсеу және 25 шақырым жолға тас төсеу жоспарланған.


ТҮРКІСТАН: Арыстағы ауылдарда асфальт төселіп жатыр

Арыстағы елді мекендерде асфальт жол салынып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласының даму жоспарына сәйкес, жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қалаға қарасты шағын аудандардың ішкі көшелеріне асфальт жол салу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.


Осыған дейін қала әкімінің тұрғындармен кездесуінде көтерілген мәселер жоспарға еніп, сәуір айы басталғалы бірнеше елді мекендерде жол салу жұмыстары басталып кеткен.


Атап айтқанда, «ШПЗ», Саяжай, Оңтүстік, Арыс-2 мөлтек аудандарындағы 6 ішкі көшелерге тегістеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт жол салу қолға алынған.


Бұдан бөлек, Арыс-Шардара тасжолын жалғайтын М.Мақатаев көшесін жөндеу үшін мемлекеттік сатып алу порталына конкурс жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жуық арада жолды күреу, тегістеу қалпына келтіру жұмыстары басталып, асфальт төселеді деп күтілуде.


Айта кетейік, биыл жергілікті бюджет есебінен қала көлемінде 9 көшеге асфальт төсеу және 25 шақырым жолға тас төсеу жоспарланған. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында үш елді мекенде орналасқан 13 көшеге жол салу көзделуде.