Енді Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алады

0
474

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері астаналарын байланыстыратын жаңа рейс 14 ақпанда ашылды.


Енді Қазақстандықтар Әбу-Дабиге 10 мың теңгеге ұша алады

Қазақстанда Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағыты бойынша жаңа әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері астаналарын байланыстыратын жаңа рейс 14 ақпанда ашылды.
Рейстерді аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма сайын Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы орындайды. Жолаушыларды А-321 типті ұшақ тасымалдайды, деп мәлімдеді индустрия министрлігі азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағыты бойынша билет құны 20 еуродан басталады.