Енді рұқсаты бар компаниялар көлікті утилизациялаумен айналыса алады

0
394

Елімізде осындай 196 кәсіпорын бар.


Енді рұқсаты бар компаниялар көлікті утилизациялаумен айналыса алады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Тілшілер министрден "ӨКМ операторына" қараған зауыттар туралы сұрады.

"Екі кәсіпорын – автокөлік құралдарын және ауыл шаруашылығы техникаларын утилизациялау зауыттары мемлекетке өтті. Қазір бұл зауыттар Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің басқаруында. Меніңше, жақын арада осы зауыттардың тағдыры шешіледі. Атап өтер маңызды жайт осыған дейін салада монополия болған. Бүгінде біз нарықты зерттеп, тиісті өзгерістер енгіздік. Рұқсаты бар кәсіпорындар утилизациялаумен айналыса алады. Елімізде 196 кәсіпорын бар. Бірақ бұл бағытта бәрі бірдей жұмыс істемеуі де мүмкін, десек те біз бәрін нарыққа шығарамыз. Яғни, әрбір өңірде бизнес дамып, көліктің осы түрлерін кәдеге жаратумен айналыса алады", - деді ведомство басшысы елордада өткен халықаралық жиын кулуарында.

Айта кету керек, осыған дейін елімізде утиль алым мөлшерлемесі азаймайтынын жазған болатынбыз.